Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-11 наурыз күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Абай ұлттық мектебі» РММ базасында «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді.
Педагогикалық олимпиадаға аймақтық кезеңнің жеңімпаздары, еңбек өтілі 5 жылдан аспаған педагогтер, психологтар, тәлімгерлер қатыса алады.
Педагогикалық олимпиаданың негізгі мақсаты – жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Аталған олимпиадаға мектебіміздің жас маманы Шаденова Диана Болатбекқызы жолдама алып, жоғары кәсіби шеберлігін, шығармашылық ізденісін және педагогикалық біліктілігін танытып, жүлделі І орынды иеленді.
Бұл жеңіс – ұстаздың қажырлы еңбегі мен талмай ізденуінің нәтижесі. Диана Болатбекқызы өз білімін шәкірттерінің қабілетін дамытуға бағыттап, дарынды балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға зор үлес қосып келеді.
Жас ұстазымызды осы зор жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, кәсіби жолында толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
