8 наурыз – көктемнің ең әдемі, жүрекке жылу сыйлайтын мерекелерінің бірі. Осы мерекеге орай мектебімізде ерекше құттықтау шарасы ер азаматтар ұжымының кіреберісте ұстаздар мен қызметкерлерді жылы лебізбен қарсы алуымен басталды.
Әр сыныптың ұлдары сыныптағы қыздарды және сынып жетекшілерін құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Мектептің ер азаматтар ұжымы да аруларға құрмет көрсетуін шағын дастархан басында ән айтып ерекше көңіл күй сыйлауымен жалғастырды.
Мерекелік күн 7-сынып оқушылары дайындаған әсем концерттік бағдарламаға ұласып, барша жиналған қауымға мерекелік сезім ұялатты.
Барша аналар, аруларды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр күніңіз қуанышқа, жылулық пен шаттыққа толы болсын!