Мектебімізде «Адал азамат» бағдарламасының «Даналық мектебі» аясында жүзеге асып жатқан «Ата-аналар мектебі» жобасы өз жұмысын бастады.
Жобаның алғашқы күнінде 7 ә-сынып оқушысы Исатай Ералының анасы Сәкен Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебінің мұғалімі Байзенова Лунара Айдынгалиевна сынып өмірімен танысып, оқушылармен бірге мазмұнды әрі шығармашылыққа толы «Граттаж техникасын қазақ ою-өрнектерімен ұштастыру» тақырыбында шебер сынып өткізді. Шара барысында ата-ана мен оқушылар граттаж техникасының ерекшеліктерімен танысып, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қолдана отырып, шығармашылық жұмыстар орындады. Бұл кездесу оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ата-ана мен бала арасындағы өзара байланысты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді. Шебер сынып сыныпта жылы атмосфера қалыптастырып, ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуына жол ашты.
«Мектеп – ата-ана – оқушы» ынтымақтастығының жарқын үлгісі болған бұл кездесу алдағы жұмыстарға берік негіз қалады.Жобаға қатысқан ата-анаға алғыс білдіреміз!
Бірлескен жұмыс – жарқын болашақтың кепілі!