14 наурыз күні мектеп-лицей-интернатында сағат 7.45-8.00 аралығында "Көрісу айт-ынтымақ пен берекенің бастауы" тақырыбында тәрбиелік шара ұйымдастырылды.
Көрісу айт мерекесін асыға күткен балалар ертемен бірін-бірі "Бір жасыңмен!","Бір жасқа есеюіңмен! ", "Көрісу айт құтты болсын"деп құттықтап, төс қағыстырып, қол алысып амандасып жайылған дастарханнан дәм татты. Шара барысында тәрбиеленушілермен "Құпия дос" ойыны ойнатылды.Ойын кезінде тәрбиеленушілер көтеріңкі көңіл -күймен бір-біріне жақсы тілек лебіздерін айтып,сыйлықтарын табыстады.