4 наурыз күні «Тəрбие-адам тағдырын шешетін ұлы іс» атты интернат тəрбиешілерінің апталығының ашылуы болды. Апталықтың бірінші күні оқушыларға үзіліс кезінде "Ойлан, тап" ойыны ойнатылды. Ойын барысында оқушыларға интербелсенді тақта арқылы Алаш ардақтыларының өмірі мен шығармаларынан сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға оқушылар тез, əрі дұрыс жауап беру арқылы белсенділікпен қатынасты.
Осы күні интернат тəрбиеленушілеріне "Ұлттық тəрбие - ұлт болашағы" атты кездесу кешіне көркемдік жетекшісі Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», сазгер Ə.Сүлейменов болатын "Ардагер" клубының "Асыл əже" вокалды тобы шақырылды. Шара барысында қонақтарымыз тəрбиеленушілерге ұлттық тəрбие туралы түсінік бере отырып, ұл бала,қыз бала тəрбиесіндегі өз ойларын, отбасындағы ұстанымдарын айтып, ақыл кеңестерімен бөлісті. Вокалдық топ орындауында "Дударай", "Ағайын тірлігінде", "Аққулар", "Туған жер", "Теріскей", "Ауылым", "Хадиша апа", "Оралым достық қаласы" сияқты əуезді де ескі əндер шырқалып, кеш қатысушыларын керемет сезімге бөледі. Қазақтың төл өнерінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өнерлі ұжымға мектеп-лицей ұжымы атынан алғыс айтылып, кеш соңында сазгер Ә.Сүлейменовтің авторлық туындысы «Әкем әнін» қонақтар мен тәрбиеленушілер бірге шырқады.