Оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруда спорттық ойындардың маызы зор. Біріншіден, мұндай ойындар ұзақ уақыт партада отырған оқушылардың қимыл-қозғалыс жасап, сергітуге әсер етсе, екіншіден, тез ойлануға және тез шешім қабылдауға да үйретеді.
Соның ішінде, үстел теннисі (Пинг-понг) – белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі.
Сондықтан да үзіліс уақытарында үстел теннисі ойынын ойнау ақыл-ой жүктемесі мен физикалық жүктеме арасындағы тепе-теңдікті, соның негізінде денсаулықты сақтау үшін өте маңызды.
Осы мақсатта бүгін мектебімізге ата-аналар заманауи үстел теннисін сыйға тартты. Аталған құрал оқушылардың игілігі үшін қолданылатын болады.
Ұжым мен оқушылар атынан ата-аналар қауымдастығына үлкен ризашылығымызды білдіреміз.