16 ақпан күні «Өнер-адамның рухани әлемі, спорт-денсаулық кепілі» атты эстетикалық пәндер апталығының аясында «Көңілді тапқырлар алаңы» атты КТА ойындары ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларды ізденуге, командамен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға баулу, қызықты әзілдерді ойнау арқылы өнерге қызығушылығын арттыру.
Өткізілген шараға 7-10 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. КТА ойындарының нәтижесінде 7 сыныптардан құралған команда жүлделі бірінші орынға және кубокқа ие болса, 8 сыныптардан құралған команда ІІ орын, 10 сыныптардан құралған команда ІІІ орын жүлдегерлері атанды. Ал «Үздік ойыншы» аталымын 10 сынып оқушысы Шамгон Асылхан иеленді.