Лицейімізде Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әсерлі де мазмұнды өтті. Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді.
Мерекелік бағдарлама аясында интернат бөлмелері арасында өткен байқаудың қорытындысы шығарылып, Қамқоршылық кеңес тарапынан жеңімпаз атанған бөлмелерге ақшалай сыйлықтар табысталды. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
– Ең таза бөлме
– Ең ұйымшыл бөлме
– Ең әдемі безендірілген бөлме
Сонымен қатар, кеш соңында әр сыныптың өнері мен белсенділігі ескеріліп номинациялар бойынша барша сыныптарды марапаттау рәсімі өтті. Аталған номинациялар бойынша жеңімпаздарға ата-аналар мен Қамқоршылық кеңестің қолдауымен ақшалай сыйлықтар берілді.
🏅 Номинациялар:
“Ең әдемі жаңа жылдық кейіпкер”
“Ең креативті қойылым”
“Ең үйлесімді команда”
“Ең стильді кейіпкер”
“Көрермен көзайымы”
“Ең ерекше образ”
“Ең өнерлі сынып”
“Мың бұралған бишілер”
“Ең шығармашыл сынып”
“Күміс көмей әнші”
“Ең ұйымшыл сынып”
“Қиялға қанат байлаған”
“Ең белсенді сынып”
“Сахна жұлдызы”
“Ғажайып жұлдыздар”
“Үздік композиция”
“Талантты сынып”
Осындай мазмұнды да әсерлі кештің өтуіне үлес қосқан Қамқоршылық кеңеске, ата-аналар қауымына, ұстаздарға зор алғысымызды білдіреміз.
✨ Жаңа жыл – жаңа үміт пен жарқын бастамалардың бастауы болсын!