23 желтоқсан күні лицейіміздің түлектері, қазіргі таңда Назарбаев Университетінің студенттері, оқушылармен пайдалы кездесу өткізді. Кездесу барысында олар университеттегі оқу үдерісі, түрлі мамандықтар, қабылдау талаптары және студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Іс-шара оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға бағытталған кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.