12 ақпан күні «Өнер-адамның рухани әлемі, спорт-денсаулық кепілі» атты эстетикалық пәндер апталығының ашылуы болды. Апталықтың бірінші күні оқушыларға үзіліс кезінде «Көңілді үзіліс» атауымен жағымды эмоция сыйлайтын ойындар ойнатылды.
Осы күні ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында 8-10 сынып оқушыларына «Бес табан», «Бес асық» ойындары ұйымдастырылып, оқушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
«Бес асық» ойыны бойынша 7 сынып оқушысы Асқар Айзере жүлделі- І орын,
10 сынып оқушысы Асқар Гүлназым-ІІ орын,
10 сынып оқушысы Сергалиева Амина ІІІ орын иегері атанса,
«Бес табан» ойыны бойынша 9 сынып оқушысы Қадырман Бекзат-І орын,
10 сынып оқушысы Шамгон Асылхан-ІІ орын,
10 сынып оқушысы Испусинов Нұрхат-ІІІ орын иегері атанды.