22-26 қаңтар күндері аралығында лицейімізде оздырылып жатқан “Физика-математика - біздің айналамызда” тақырыбындағы апталығы аясында 25 қаңтар күні оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, теориялық ойлауларын жетілдіру, жеке және топта жұмыс істеуге бейімдеу мақсатында “Ал, қане,физиктер” атты 7 «А, Ә, Б» сыныптар арасында сыныптан тыс сайыс сабақ оздырылды.
Әр сыныптан 5 адамнан тұратын команда құрылды. Сайыс 5 турдан тұрды, әр турға дайындалуға уақыт және тапсырманың орындалуына қарай ұпай саны беріліп отырды. Шара барысында физикалық құбылыстар, түрлі деңгейдегі сұрақтар, А, В, С деңгейдегі есептерді шығарып, соңғы турда команда капитандары Махамбет Темирлан, Сәлімұлы Алихан, Нұрланов Еркебұлан берілген эксперименттік тапсырманы жоғары деңгейде орындап көрсете алды. Сайыстың әділ қазыларының есептеуі бойынша 45 ұпай жинаған 7 «А» сыныбы ІІІ орын, 56 ұпай жинған 7 «Ә» сыныбы ІІ орын, 68 ұпай жинаған 7 «Б» сыныбы І орын иеленді. Сайыс соңында командалар тәтті сыйлықтармен марапатталды.