Қыстың аязды күндері сергектікті сезіну де оңайға соқпайды. Ол үшін қысқы спорт түрлерімен жиі айналысу қажет. Қысқы спорт түрлері дегенде бірден бір көз алдымызға елестейтін спорт түрі ол әрине - коньки тебу. Коньки тебудің денсаулыққа тигізетін пайдасы мол екені де анық.
Лицейіміздің оқушылары осы қыс мезгілін қызықты, әрі сабақтан бос уақыттарын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту мақсатында мектебімізде мұз айдыны жасалған болатын.
Мұз айдынын жасаған лицейіміздің АӘжТД ұйымдастырушысы Рустем Махсотұлына, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ақжан Жасқайратұлы мен Арнаут Талапұлына оқушылармыз дән риза!