Мектеп-лицейіміздің информатика пәні мұғалімі Кожахметова Ляззат Асылбековна үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының Республикалық кезеңінде жүлделі ІІІ орынға ие болды!
Бұл жетістік – ұстазымыздың кәсіби шеберлігінің, шығармашылық ізденісінің және білім беру саласына қосқан зор үлесінің айқын дәлелі.
Ляззат Асылбековнаны шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа табыстар мен биік жетістіктер тілейміз!
