Кеше 3 желтоқсан күні 7 сынып оқушылары арасында, бүгін 4 желтоқсан күні 8 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша аймақтық пәндер олимпиадасы өтті.
Пәндер олимпиадасына
1. Қазақ тілі мен әдебиетінен 5 оқушы;
2. Қазақ сыныптарындағы орыс тілі пәнінен 7 оқушы;
3. Ағылшын тілінен 10 оқушы;
4. Қазақстан тарихынан 5 оқушы;
5. Математика пәнінен 9 оқушы;
6. Физика пәнінен 8 оқушы;
7. Химиядан 9 оқушы;
8. Биологиядан 7 оқушы;
9. География пәнінен 7 оқушы;
10. Информатика пәнінен 8 оқушы қатысты.
7-8 сыныптар бойынша барлығы 75 оқушы қатысып, бәсекелі білім додасында бақ сынасты. Аймақтық олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымыз жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңіне жолдама алады.