Бүгін мектеп ұжымы арасында оқырмандар ортасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған "Кітап талқы алаңы" жобасының алғашқы отырысы өтті. Жобаның басты мақсаты, оқылған кітапты бірлесе талқылай отырып, мұғалімдер арасында оқырмандар ортасын қалыптастыру, оқушылардың кітап оқу деңгейін көтеруге түрткі болу.
Осы бағытта ұйымдастырылған жобаның алғашқы кездесуінде талқылау өзегіне жазушы Санжар Керімбайдың "Жұмабек және жер майдан" шығармасы алынды. Қатысушылар туындыдағы ұлттық мүдде, тарихи деректер, жер мәселесіне қатысты айтылған ойлар мен автордың көзқарасын жан-жақты қарастырып, өз пікірлерін ортаға салды.
Пікір алмасу барысында жылы атмосфера орнап, әріптестер арасында мазмұнды әрі әсерлі талқылау өтті.
Бұл алғашқы отырыс әріптестеріміздің келесі кездесулерге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттырып, жобаның алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынына үлкен сенім берді.
Оқырмандарының келісімімен кітап талқы алаңының келесі отырысы да өз жалғасын тауып және мазмұнды шығармалармен толығады деген міндетті алға қойды.