"Шабыт" жобасы бойынша мектепбіміздің театры 7 қарашада қазақ драматургиясының аса маңызды туындыларының бірі – Роза Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” шығармасы бойынша тәрбиелік маңызы жоғары сахналық қойылым қойылды.
Қойылымды 10 “А” және 10 “Ә” сынып оқушылары дайындап, көрермен назарына ұсынды.
Бұл шығарманың негізгі идеясы – ядролық сынақтың құрбаны болған балалар тағдырын, соғыс пен сынақ салған жазылмас жараны, адамның рухани жоғалтуын көрсету. Оқушылар қойылым арқылы тек әдеби шығарманы сахналап қана қойған жоқ, сонымен қатар көрерменді терең ойға жетелеп, тарихи шындыққа назар аудартты.
Кейіпкерлерді сомдаған оқушылар:
? Ләйлә рөлінде – Сағынай Еңлік
? Қатира рөлінде – Рахметуллина Гүлім
Олар образды жан-жақты ашып, кейіпкерлердің ішкі күйзелісін, тағдырдың ауыртпалығын нанымды жеткізе білді. Сахналық сөйлеу мәнері, эмоциялық әсер, әрекеттердің дәлдігі қойылымның маңызын арттыра түсті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, ядролық қасіреттің зардабын ұғындыру, бейбіт өмірдің бағасын түсіндіру, сондай-ақ өнер арқылы тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.
“Мәңгілік бала бейне” – өткеннің қасіреті, бүгінің сабағы, ертеңгі ұрпаққа аманат.
Осындай рухани тәрбиелік жұмыстар жас ұрпақты тарихты ұмытпауға, ұлттық құндылықты қадірлеуге тәрбиелейді.