Жаратылыстану пәндері апталығы аясында бүгін 13 қараша күні мектебіміздің 3-қабатындағы оқушылар демалыс аймағында ерекше көрме — "Гүлдер галереясы" ашылды!
Апталық барысында әр сынып өздерінің сүйікті гүлін мектепке сыйға тартып, сол гүлдің атауын, шығу тарихын, күтімі мен қызықты деректерін таныстырды.
Оқушылар табиғатты аялау, өсімдіктерге қамқорлық таныту және экологиялық мәдениетті дамыту бағытында тамаша бастама көрсетті.
Бұл гүлдер галереясы — тек әдемілік бұрышы ғана емес, оқушылардың еңбегі мен ізденісін, табиғатқа деген сүйіспеншілігін айшықтайтын кеңістікке айналды.
Гүлдерге толы бұл демалыс аймағы енді мектептің көркін арттырып, әрбір оқушыға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда!