12 қараша күні жаратылыстану пәндері апталығы аясында 9–10 сынып оқушыларының қатысуымен ерекше форматтағы шара — «BIOGEOCHEM ғылыми жаңалықтар» атты TEDx кездесуі өткізілді.
Шараның мақсаты — оқушыларды ғылым мен білімге бағыттау, қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге қызығушылығын арттыру және өз идеяларын еркін жеткізуге үйрету болды.
TEDx форматында өткен кездесуде оқушылар қоғамға пайдасы зор ғылыми тақырыптар бойынша өз зерттеулері мен ойларын ортаға салды.
Олардың баяндамалары медицина саласындағы жаңа шешімдерге, балама энергия көздеріне, гендік инженерия мен биотехнология жетістіктеріне, сондай-ақ экологиялық мәселелер мен олардың шешу жолдарына арналды.
Іс-шара барысында оқушылар өз білімдерін тәжірибемен ұштастырып, тың идеялар ұсынды және заманауи ғылымға деген қызығушылықтарын танытты.
Осындай форматтағы шаралар — жас ғалымдарға жол ашып, келешек инновациялық ой иелерін қалыптастырудың нақты қадамы!