«Жаратылыстану қаһармандары: күштің сыры - білімде” тақырыбындағы жаратылыстану пәндері апталығы ашылды!
Marvel фильмдерінің желісінде ұйымдастырылған апталықтың ашылу сәтінде оқушылар суперқаһармандар әлеміне еніп, биология, география және химия пәндері бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз интеллекттерін Темір Адам мен Доктор Стрейндж деңгейінде сынады.
Осы апталықта оқушылар ғылымның қуатын ашып, табиғаттың құпияларын зерттейді.
Креатив, жаңалықтар мен шабыт әлеміне қош келдіңіздер!
Бізбен бірге ғылымға Marvel стилінде сапар шегіңіз, ішкі қаһарманыңызды оятыңыз!