«Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету жобаларын іске асыру бойынша Лицейде құқық қорғау органдарының мамандарымен кездесу өтті.
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гильманова Динара Мугаппаровна және Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы Мажитова Нургул Кабировна қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға сот жүйесінің қызметі, заң алдындағы жауапкершілік және құқықтық мәдениеттің маңызы туралы түсіндірілді. Динара Мугаппаровна өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп, жасөспірімдердің құқық бұзушылықтың алдын алу, өз құқықтары мен міндеттерін білу қажеттігін ерекше атап өтті.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру және құқық қорғау органдарының қызметі жайында түсініктерін кеңейту болды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды.