«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында күзгі демалыс кезінде «Сүйікті кітапқа арналған үздік иллюстрация» байқауы өткізілді!
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сүйікті кейіпкерлерін сурет арқылы бейнелеуге мүмкіндік беру болды.
Қатысушылар түрлі бояу, акварель, гуашь және графикалық тәсілдерді қолдана отырып, өздерінің сүйікті кітап кейіпкерлерін бейнелеп, ерекше туындыларын ұсынды. Әр жұмыс оқушылардың талғамы мен қиялының кеңдігін көрсетті.
? Байқау жеңімпаздары:
I орын – Сериков Мансур, 7«Б» сынып
II орын – Серік Мариям, «7А» сынып
II орын – Амангелді Медина, «7А» сынып
III орын – Әділбек Еркем, 7«А» сынып
III орын – Ерболат Бекназар, 7«А» сынып
III орын – Сағидолла Мерей, 7«А» сынып
«Ең көркем иллюстрация» аталымы Беркін Амирхан 7«А» сынып
«Кітап кейіпкерін шебер бейнелегені үшін» аталымы Мұрат Айзере 7«А» сынып.
Нәтижесінде үздік деп танылған жұмыстар мектеп кітапханасында көрмеге қойылып, жеңімпаздар марапатталды!
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен шығармашылық талпынысы үшін үлкен алғыс білдіреміз!
балаларкітапханасы сүйіктікітапқаиллюстрация