Бүгін, 24 қазан күні мектебімізде «Білім мен табыс – болашақтың кепілі» тақырыбында білім бәйгесінде оза шапқан үздік оқушыларды марапаттау үшін саптық жиын оздырылды. Қыркүйек-қазан айларында өткен республикалық және облыстық байқаулар мен мектепішілік олимпиадада жүлделі орын алған оқушылардың дипломдары табысталып, жетістіктері атап өтілді.
2025-2026 оқу жылы бойынша мектепішілік пәндер олимпиадасына 7-8 сыныптардан 109 оқушы, 9-11 сыныптардан 125 оқушы, барлығы 234 оқушы қатысты.
7-8 сынып оқушылары арасында:
• «Алғы хатқа» - 2 оқушы;
• ІІІ орынға – 33 оқушы;
• ІІ орынға – 23 оқушы;
• І орынға – 16 оқушы ие болып, олимпиаданың аймақтық кезеңіне жолдама алса,
9-11 сынып оқушылары арасында:
• «Алғыс хатқа» - 6 оқушы;
• ІІІ орынға – 32 оқушы;
• ІІ орынға – 29 оқушы;
• І орынға – 22 ие болып, жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аймақтық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.
Жеке оқушылардың жетістіктерімен қатар, Республикалық пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін «Үздік олимпиадалық команда – 2025» аталымы бойынша үздік сыныптар анықталып, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
• «Үздік олимпиадалық команда-2025» ІІІ дәрежелі дипломмен 10А сыныбы марапатталды. Сынып жетекшісі Нұртілеу Серікұлы;
• «Үздік олимпиадалық команда-2025» ІІ дәрежелі дипломмен 7Б сыныбы марапатталды. Сынып жетекшісі Диана Болатбекқызы.
• «Үздік олимпиадалық команда-2025» І дәрежелі дипломмен 8А сыныбы марапатталды. Сынып жетекшісі Роза Берікқызы.
Бүгінгі жиын – білім мен еңбектің мерекесі. Барша оқушыларға алдағы демалыс күндеріңіз сәтті өтсін демекпіз!