«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 8-сынып оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізуге арналған ? «Кітап оқу бәйгесі» жарысы өтетінін хабарлаймыз.
Бұл жолғы бәйгеде қатысушыларға ағылшын тіліндегі қысқа көркем шығармалар ұсынылады. Бұл – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын көркем шығармаларды оқыту арқылы дамытудың тиімді тәсілі.
Уақыты: 27 қазан – 3 қараша
Жоба шарттары төмендегідей:
I кезең
27 қазан күні оқуға берілген бірінші шығарма бойынша Google Form желісінде тест тапсыру арқылы өткізіледі. Сұрақтар тек ұсынылған бір шығарма бойынша болады. Тесттен жоғары балл жинаған және уақыты бойынша бірінші орындаған оқушылардың 70%-ы жобаның келесі кезеңіне өтеді. Сол күні жобаның екінші кезеңіне өткен оқырмандар үшін арнайы шығарма ұсынылады.
II кезең
30 қазан күні екінші кезеңнің қортындысы да дәл бірінші кезеңдегідей өткізіледі. Тесттен жоғары жинаған оқырмандардың 50%-ы жобаның соңғы қорытынды кезеңіне жолдама алады. Дайындыққа 2 күн уақыт беріледі.
III кезең
3 қараша күні қорытынды тест Kahoot платформасында өткізіледі. Сұрақтар I және II кезеңдерде оқылған шығармалар бойынша қойылады.
Сол күні 1,2,3-орын алған кітапқұмар оқырмандар марапатталады. Сонымен қатар үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға жұбаныш сыйлықтары және “Кітапқұмар оқырман”, “Оқуға құштар оқырман” сынды номинациялар беріледі.
Жобаға қатысу үшін:
150 теңге төлеп, 5-6 беттен тұратын шығарманы 21–26 қазан аралығында алып үлгеріңіз.
Реквизит:
Каспий голд: +7 707 351 39 51
Аты-жөні: Багдагул М.
(Төлем жасаған соң түбіртекті жіберіп қойыңыз, сізге 1-2 сағатта кітапты жібереміз)
? Тіркелуге асығыңыз! Кітап оқып, трендте болыңыз!
