«Даналық мектебі » жобасы шеңберінде 7-8 сынып қыз балаларымен «Сіңліме сыр» атты маманмен кездесу өтті. Сіңлілермен өткен тағылымды басқосу барысында нәзік жандыларға арналған өзекті тақырыптар сөз болды.
Кездесуге келген салауатты өмір салтын қалыптастырушы маман Мендыбаева Райса Аманжоловна қыздармен ашық әңгіме өрбітті. Ол косметиканы шамадан тыс қолданудың зияны, талғаммен киіну мәдениеті, сөйлеу әдебі мен сыпайылық жөнінде терең мағыналы кеңестер айтып, қыз баланың табиғи сұлулығы мен ішкі мәдениетінің үйлесімді болуы – ең басты сымбат екенін атап өтті.
Кездесу жылы жүзді сұхбатқа ұласып, қатысушылар рухани әсер алып, өздеріне пайдалы ой түйді.
Осындай кездесулер жас буынды ізгілікке, парасаттылық пен әсемдікке тәрбиелеудің бір айғағы.