Бүгін мектебімізде ұстаздар күні ұстазға құрмет оқушылардың мұғалімдерді қошеметтеп, жылы лебіздерін арнаудан басталды.
Бұл күні біз тек Ұстаздар күнін емес, “Дублер күнін” де атап өттік. Биылғы мектеп түлектері бір күнге ұстаздарды орнын басып, сабақ берді. Осылайша олар ұстаз болудың жауапкершілігі мен еңбегін сезінді. Мұғалімдер де 12 сынып оқушысы боп балалық шаққа қайта оралғандай күй кешті.
Мереке күні“Ұстаз-болашаққа бағдар берген шамшырақ” атты мерекелік концертімен жалғасты. Концерт барысында “Менің атым-Қожа” фильмінен үзінділер көрсетіліп, сахналық қойылым да ұсынылды.
Ұстаз- тек білім беруші емес. Ол - әр оқушының арманын жүзеге асыруға жол ашатын алғашқы сенім иесі.
Бұл күн - сыйластық пен түсіністіктің күні болды.