Бүгін 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатында ерекше мотивациялық кездесу өтті. Спикер — Air Astana компаниясының екінші ұшқышы Тимур Брагин.
Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, Ab-initio бағдарламасы арқылы ұшқыш болу жолын, қиындықтар мен жетістіктерін шынайы айтып берді. Көптеген оқушылар болашақ мамандығы туралы нақты ой түйіп, жаңа мақсат қойды.
Ұшқыш болу — тек арман емес, нақты мақсат екенін көрсетті!