2025-2026 оқу жылында жаңартылған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында лицейімізде ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарды тәрбие процесіне белсенді түрде тарту, оқушының жан-жақты дамуына ортақ жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ тәуелділік мінез-құлықтың алдын алу және ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беруде бірлескен жұмыстарды үйлестіру болды.
Мектеп директоры Ж.М. Шонбаев ата-аналарды лицейдің жарғысымен, оның негізгі мақсаттары мен міндеттерімен таныстырды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С. Иманғалиева лицейдегі білім беру үдерісінің құрылымы, оқу бағдарламаларының ерекшеліктері жөнінде айтып өтті.
Бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары А.М. Гиниятова оқушылардың пәндік олимпиадаларға және ғылыми жобалар байқауларына қатысуы, оларды іріктеу мен дайындау жұмыстарының жолға қойылуы туралы баяндады.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Г.Ж. Сагинова лицейдегі мектеп формасына қойылатын талаптар, оқушы мен ата-анаға қойылатын ішкі тәртіп ережелері туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, 2025-2026 оқу жылында іске асырылып жатқан жаңартылған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты мен негізгі бағыттарымен ата-аналарды таныстырды. Бағдарлама аясында оқушылардың адамгершілік, азаматтық жауапкершілік, ұлттық құндылықтарға негізделген дүниетанымын қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударылатыны атап өтілді.
Жиын барысында ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Лицей мен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – сапалы білім мен тәрбиенің кепілі екені тағы бір мәрте дәлелденді.