Биылғы түлегіміз Жапакова Айсауле Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасына қабылданды!
Бұл жаңалық — тек бір оқушының жетістігі ғана емес, білімге бағытталған сансыз сағаттардың, қажырлы дайындықтың және дұрыс шешім қабылдай білудің нәтижесі.
Алда жаңа қала, жаңа орта, жаңа міндеттер.
Айсаулеге осы жолда сәттілік, төзім мен табыс тілейміз. Жаңашылдық пен жауапкершілікке толы бұл кезең оған өмірлік тәжірибе сыйлап, үлкен мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз.