Біздің зор мақтанышымыз – Чапай Бахтияр Назарбаев Университетіне және әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарынан оқуға шақыру алды! Атап айтсақ:
🇳🇱 Нидерланды – Utrecht University, University of Amsterdam
🇧🇪 Бельгия – KU Leuven
🇭🇰 Гонконг – Hong Kong Baptist University (HKBU)
🇦🇹 Австрия – Johannes Kepler University Linz (JKU Linz)
🇫🇮 Финляндия – Aalto University
Осындай жоғары деңгейдегі оқу орындарынан шақыру алу – зор абырой. Бахтияр өз арманына сеніп, оған жету жолында аянбай еңбектенудің жарқын үлгісін көрсетті.
Болашақта да биік белестерді бағындырып, еліміздің атын халықаралық деңгейде таныта беруіне тілектеспіз! 🌟🇰🇿