Қуанышпен бөлісеміз!
Лицейіміздің үздік оқушысы, үздік аттестат иегері — Аманғали Ақылбек ҰБТ-2025 нәтижесінде физика пәнінен Қазақстан бойынша ЕҢ АЛҒАШҚЫ болып толық 50/50 ұпай жинады!
Бұл — табандылықтың, терең білім мен талмай еңбектенудің нәтижесі.
Ақылбектің бұл жетістігі — лицейіміздің ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы!
Ақылбекті және оны білім нәрімен сусындатқан ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Алда бұдан да биік белестерге жететініне сенеміз!