Назарбаев Университеті — Қазақстандағы халықаралық стандарттар мен инновацияларды ұстанатын жетекші оқу орны. Мұнда жас таланттар әлемдік деңгейдегі білім мен зерттеу инфрақұрылымымен қамтамасыз етіліп, болашақ көшбасшыға айналуға дайындалады.
Foundation бағдарламасы — студенттердің академиялық дағдыларын нығайтып, шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының талаптарына сай келетін білім мен қабілеттерді қалыптастырады. Мейрим осы бағдарлама арқылы білімге деген ұмтылысын көрсетіп, үлкен жетістікке жетті.
Мейримнің бұл табысы — оның қажырлы еңбегі мен білімге деген ынтасының нәтижесі, сонымен қатар лицей ұжымы мен ұстаздарының берік қолдауының арқасы деп сенеміз.
Маратова Мейримге болашақта зор шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!