Лицейіміздің 2025 жылғы түлегі Қоныс Назым Қазақстанның ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — Назарбаев Университетіне оқуға қабылданды. Назарбаев Университеті — халықаралық стандарттарға сай білім беретін, ғылым мен инновацияны дамытуға бағытталған жетекші оқу орны.
Бұл үлкен жетістік — Назымның табанды еңбегі мен жоғары білімге деген зор талпынысының, сондай-ақ оның ұстаздарының кәсіби дайындығы мен жан-жақты қолдауының жемісі. Біз бұл нәтижені лицей ұжымы мен оқушының ортақ жеңісі деп білеміз.
Қоныс Назымға алдағы оқу жолында үлкен жетістіктер мен сәттілік, шығармашылық табыс пен жарқын болашақ тілейміз! Оның армандары орындалып, еліміздің дамуына үлес қосатын білікті маман болатынына сеніміміз мол.