Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының химия-биология бағытының оқушысы Наурызбай Малика ҰБТ-де 135 ұпай жинап, облыс бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді!
Малика, сенің 7-сыныптан бері төккен еңбегің, талпынысың, ғылымға деген сүйіспеншілігің бүгінгі зор жетістікке жетеледі. Бұл жеңіс – сенің білімге деген құштарлығыңның, табандылығыңның, мақсатқа ұмтылысыңның айқын дәлелі.
Сен – болашақтың жарқын жұлдызысың! Алдағы белестерің бұдан да биік болсын, армандарың орындалып, еліміздің дамуына үлес қоса бер!
Наурызбай Малика – білімнің жеңімпазы!
