1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде 7-11 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ел бірлігінің маңызын түсіндіру, түрлі ұлт өкілдерінің татулығын дәріптеу, достық пен ынтымақтастықты нығайту.
Оқушылар тақырыпқа байланысты баяндамалар оқып, видеороликтер тамашалап, пікір алмасу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап секілді әдістер арқылы белсенді қатысты. Сонымен қатар, әр ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы мәліметтер ұсынылды.