Лицейімізде алғаш рет мұғалімдерге арналған зияткерлік куиз-ойыны ұйымдастырылды. Жаңа форматта өткен бұл шарада мектеп ұстаздары командаларға бөлініп, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды.
Сайыс сұрақтары әр саладан қамтылып, қатысушылар қарапайым логикалық тапсырмалардан бастап, ежелгі тарихқа дейінгі тақырыптарда ой жарыстырды. Ойын тартысты әрі көңілді өтті.
Қорытынды бойынша:
3-орынды – «От» командасы,
2-орынды – «Бәрін білгіштер» командасы,
1-орынды – «Кеменгер» командасы иеленді.
Ұстаздар бұл тың бастамадан ерекше әсер алды. Интеллектуалды ойын олардың өзара байланысын нығайтып, шығармашылық серпін сыйлады. Ұйымдастырушылар мұндай форматтағы сайыстың дәстүрге айналатынын жеткізді.