02.05.2025 ж. күні Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармасы аясында «Аңыз – өткеннің үні, ақиқат – ел болмысы» атты эстетикалық пәндер апталығы шеңберінде мектеп оқушыларының көңіл күйін көтеру, жағымды эмоция сыйлау мақсатында көңілді үзіліс ұйымдастырылды.
Сабақтан тыс уақытта 7–9-сынып оқушыларына арналған «Қадамы нық жас өрен!» атты саптық жүріс байқауы өтті. Сайыс нәтижесінде:
1-орын – 8«А» сыныбы,
2-орын – 8«Б» сыныбы,
3-орын – 7«А» және 7«Б» сыныптары иеленді.
Сонымен қатар, эстетикалық пәндер апталығының жоспарына сәйкес өткен іс-шараларда белсенділік танытқан 8«Б», 9«А», 7«А» сыныптары үздіктер қатарынан табылып, марапатталды.