28.04.2025 ж. күні Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармасы аясында «Аңыз – өткеннің үні, ақиқат – ел болмысы» атты эстетикалық пәндер апталығының ашылуы болды.
Апталықтың бірінші күні оқушыларға үзіліс кезінде «Көңілді үзіліс» атауымен жағымды эмоция сыйлайтын ойындар ойнатылды. Осы күні ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бірлік пен күш алаңы» атты 7-сынып оқушыларына арналған спорттық жарыс оздырылды. Жарыс барысында оқушыларға "Асық ату", "Теңге ілу", "Арқан тартыс" және басқа да ұлттық ойындар түрлерімен түрлі командалық сайыстар ұйымдастырылды. 7-сыныптар арасындағы жарыс қорытындысы төмендегідей болды:
7 "А" сыныбы – 1 орын,
7 "Б" сыныбы – 2 орын,
7 "Ә" сыныбы – 3 орын иеленді.