Облыс көлемінде ұйымдастырылған XI шығармашылық байқауында информатика пәні мұғалімдерінің арасында лицейіміздің ұстазы Мухамбеткалиев Ораз Жалғасұлы II орын иеленді.
Бұл – ұстазымыздың білім беру саласына қосқан зор үлесінің, кәсіби шеберлігі мен тынымсыз ізденісінің нәтижесі.
Байқау барысында Ораз Жалғасұлы өзінің озық әдістемесін, шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді. Ұстазымыздың еңбегі әділқазылар тарапынан жоғары бағаланып, жүлделі орынға ие болды.
Лицейіміздің ұжымы атынан Мухамбеткалиев Ораз Жалғасұлын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық биіктен көрініп, шәкірттерге сапалы білім мен тәрбие беруде табыстар тілейміз.