Бүгін 9 – 10 сыныптар арасында «Жаратылыстану кемесі: теңізден ғылымға» атты жаратылыстану пәндері апталығы аясында «Ғылыми экспедиция: Қазынаға жол» атты ақылды үзіліс ойыны оздырылды.
Ойын кезінде оза шапқан 9 сыныптардан 3 топ, 10 сыныптардан 3 топ келесі кезеңге жолдама алды. Келесі кезеңге жолдама алған топтар білім кемесіне мініп, жаратылыстану ғылымдарының байлығы жасырылған аралдарға қызықты саяхат жасамақшы. Ақылды үзіліспен басталған әр сағат оқушылар үшін жаңа бағыт, шытырманға толы жұмбақтар және теориялық білімдерін тәжірибеде көрсету арқылы қазынаға жету жолы болады. Топтарға алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз.