2025 жылғы 16-20 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында өткен «Fibonacci Robot Olympiad Eurasia» халықаралық робототехника олимпиадасының финалдық кезеңіне лицейіміздің оқушылары қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Оқушыларымыздың талпынысы мен қажырлы еңбегінің арқасында команда халықаралық додада үздіктер қатарынан көрініп, Италияның Рим қаласында өтетін келесі кезеңге жолдама жеңіп алды.
Жеңімпаз команда құрамында:
• Раш Дарын
• Елеу Азамат
• Амангелдин Мадияр
Команда жетекшісі: Бекчурина Айнур Төлегенқызы
Бұл жеңіс — лицейіміздегі сапалы білім беру мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі. Робототехника саласына қызығушылық танытып, халықаралық деңгейде білімдерін дәлелдеген оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы кезеңде де сәттілік тілейміз!