2025 жылғы 18 сәуір күні 11-сынып оқушылары — Чапай Бақтияр, Қоныс Назым, Айткүлова Айгерім, Берік Ранида — 9-10 сынып оқушыларына арналған NUET, IELTS, SAT және ҰБТ емтихандарына дайындық бойынша шеберлік сыныптарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара барысында жоғары сынып оқушылары халықаралық және ұлттық емтихандарға дайындалу жолдарымен бөлісіп, пайдалы кеңестер мен оқу ресурстарын ұсынды.
Сонымен қатар, кәсіптік бағдар беруші педагог Н.М.Сундетова оқушыларға 2024–2025 жылғы ҰБТ нәтижелері бойынша талдау жүргізіп, әр пән бойынша орташа баллдар мен жетістіктер туралы мәлімет берді.
Жиналыс барысында мамандық таңдау, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктері, грант бөлінісі және болашақ мамандыққа бағыт-бағдар беру мәселелері қарастырылды. Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын нақтылауға және алдағы емтихандарға дайындық деңгейін арттыруға бағытталды.