Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы- деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай 5ші қазан күні лицейіміздің ұстаздарына арнап мектебіміздің “Жас Ұлан”, “Парламент”, 11 сынып оқушылары және тәлімгері А.Б. Сагидуллинаның ұйымдастыруымен “Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!” атты мерекелік концерттік шарамыз оздырылды. Шарамыз ұстаздарымыздың қайтып келмес өткен жастықтарын еске алу мақсатында ретро стильде өтті.