Қабылдау 2025-2026 оқу жылы

Мектепке қабылдауға қажетті құжаттар

  1. Туу туралы куәлік
  2. ЖСН
  3. Табель 1-6 сынып
  4. Фото 3х4 – 2 дана
  5. Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі
  6. 7-сыныпқа дейін жүргізілген жеке іс-қағазы, мінездемесі, психологиялық картасы, №075, №063, Паспорт здоровья (026 медициналық карталары)

Интернатқа орналасу үшін қажет құжаттар

Интернатқа орналасатын оқушылар үшін қажет құжаттар (талдаулар) тізімі: (Для заселения детей в интернат школы необходимо)

1. Анализ кала на яйца глистов

2. Бакпосев кала на дигруппу

3. Мазок из зева на стафилококк

4. Справка о диспансерном учете (состоит или нет)

5. История развития ребенка

6. Осмотр на педикулез и чесотку

7. Справка о эпидокружении

  1. Форма 65 (прививочная карта)
  2. Паспорт здоровья

Ескерту! Тексеріс қорытындысы қорытындысынан кейін оқушылар интернатқа қабылданады.

2025-2026 оқу жылына іріктеу туралы хабарландыру

 

Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған  мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты 2025-2026 оқу жылына 7-сыныпқа оқуға қабылдау үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады. (НегіздемеҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы)

Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау

2025 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында

тіркелу және құжаттар қабылдау сілтемесі бойынша өтеді.

2025-2026 оқу жылында 3 қазақ сыныбы (әр сыныпта 16 оқушы) ашылады, оның ішінде 5 орын «Мың бала» ұлттық олимпиадасының

 жеңімпаздарына бөлінеді.

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

  1. Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
  2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. Үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
  4. Оқушының 3х4 сандық фотосуреті;
  5. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері.

*Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Жеке, жүктелетін файлдың өлшемі 3 МБ аспауы тиіс. (Мегабайт)

Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына ( осал топтардың тізбесі төменде көрсетілген, 2025-2026 оқу жылында 7орын, ):

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
  2. Ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
  3. Мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
  4. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  5. Отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  6. Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
  7. Аналары "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
  8. Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
  9. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.

Конкурстық іріктеудің өткізу күнін қосымша хабарлаймыз.
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).

Конкурс  бекітілген тірек мектепте өтеді.

7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
математика және логика-55 сұрақ;
оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 120 минут.

Тестілеу тапсыру тілі: қазақ
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).

Мектепке қабылдау бос орындарға сәйкес ең жоғары балл санынан алынады.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША

АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.

2025-2026 оқу жылына 7-сыныпқа қабылданған оқушылар тізімі

2025-2026 оқу жылына 8-сыныпқа қабылданған оқушылар тізімі

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 18

Кеше 77

Осы аптада 274

Осы айда 1326

Барлығы 63031

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска