«Батыс Қазақстан Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Орал қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектептерінің) педагог-психолог бос лауазымына тағайындауға конкурс жариялайды.
Заңды мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Сүндетқали Есқалиев көшесі, 107 үй.
Телефоны:8 (7112)- 51- 42- 43, эл.пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Қызмет түрі: негізгі орта білім. 1993 жылдан бастап жұмыс істейді.
Лауазымы: Педагог-психолог – 0,5 бірлік, әлеуметтік демалыстағы негізгі қызметкердің орыны
Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 72557 теңгеден 83707 теңгеге дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: "Психология" бағыты бойынша "Педагогика және психология" бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе "Психология" бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды, медициналық білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;
мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;
қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;
мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;
ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының Білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері;
жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;
педагогикалық этиканың нормалары;
арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі;
ата-аналарға арналған жеке және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері, баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
Конкурс "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде өткізіледі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Ереже жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.11.19 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.11.22 № 432 бірлескен бұйрығымен).
Конкурсты өткізу күні жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес белгіленеді.
Конкурсты өткізу орны: конкурс БҚО, Орал қаласы, Сүндетқали Есқалиев көшесі, 107 үй, № 218 кабинет, 2 қабат мекенжайындағы "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "КММ-де" Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп –лицей –интернаты" өткізіледі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі - 28 тамыз 2024 жылдаң бастап 7 (жеті) жұмыс күндері қабылданады. «Enbek.kz», әлеуметтік.Instagram желілері «itlyceumbqo», facebook «IT - lyceum Oral», hr-nobd.edu.kz. .
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "КММ" Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей интернаты " келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "КММ Дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялардың Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатына ұсынылуы тиіс".