«Батыс Қазақстан Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Орал қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектептерінің) жатақхананың, интернаттық ұйымдардың тәрбиешісі бос лауазымына тағайындауға конкурс жариялайды.
Заңды мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Сүндетқали Есқалиев көшесі, 107 үй.
Телефоны:8 (7112)- 31- 13- 92, эл.пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Қызмет түрі: негізгі орта білім. 1993 жылдан бастап жұмыс істейді.
Лауазымы: Жатақхананың, интернаттық ұйымдардың тәрбиешісі – 1 бірлік, тұрақты орынға.
Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 137 045 теңгеден 163 130 теңгеге дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі-5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
Жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;
Білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады;
білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді;
білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.
Білу керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңдары және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогикалық этика нормалары;
Педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
Конкурс "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде өткізіледі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Ереже жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелді).
Конкурсты өткізу күні жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес белгіленеді.
Конкурсты өткізу орны: конкурс БҚО, Орал қаласы, Сүндетқали Есқалиев көшесі, 107 үй, № 214 кабинет, 2 қабат мекенжайындағы "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "КММ-де" Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп –лицей –интернаты" өткізіледі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі - бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында, сайтта конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні. «Enbek.kz», әлеуметтік.Instagram желілері «itlyceumbqo», facebook «IT - lyceum Oral».
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "КММ" Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей интернаты " келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "КММ Дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялардың Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатына ұсынылуы тиіс".