Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары – 1 бірлік, тұрақты орын

«Батыс Қазақстан Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Орал қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектептерінің) тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарының бос лауазымына тағайындауға конкурс жариялайды.

Заңды мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Сүндетқали Есқалиев көшесі, 107 үй.

Телефоны: 8 (7112)- 31- 13- 92, эл.пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Қызмет түрі: негізгі орта білім. 1993 жылдан бастап жұмыс істейді.

Лауазымы: Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары – 1 бірлік, тұрақты орынға.

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 211 408 теңгеден 256 960 теңгеге дейін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер"біліктілігінің болуы.

Лауазымдық міндеттері:

тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;

тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;

тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (Интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);

білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;

кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді;

есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;

мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан"балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;

"қоғамға қызмет ету", "Отанға табыну", "үлкендерге құрмет", "анаға құрмет"қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;

білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;

туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;

білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білу керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

Педагогика және психология негіздері;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

педагогикалық этика нормалары;

экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Конкурс "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде өткізіледі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы.

Конкурсты өткізу күні жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес белгіленеді.

Конкурсты өткізу орны: конкурс БҚО, Орал қаласы, Сүндетқали Есқалиев көшесі, 107 үй, № 214 кабинет, 2 қабат мекенжайындағы "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "КММ-де" Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп –лицей –интернаты" өткізіледі.

Құжаттарды тапсыру мерзімі - 25 тамыз 2025 жылдаң бастап 7 (жеті) жұмыс күндері қабылданады.«Enbek.kz», әлеуметтік.Instagram желілері «itlyceumbqo», facebook «IT - lyceum Oral», hr-nobd.edu.kz.

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "КММ" Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей интернаты " келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "КММ Дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялардың Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатына ұсынылуы тиіс".

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 51

Кеше 98

Осы аптада 468

Осы айда 1441

Барлығы 55667

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска