Әлеуметтік педагог – 1 бірлік, тұрақты жұмыс орын.

Батыс Қазақстан Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Орал қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектептерінің) әлеуметтік -педагог бос лауазымына тағайындауға конкурс жариялайды.

Заңды мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Сүндетқали Есқалиев көшесі, 107 үй.

Телефоны: 8 (7112)- 31- 13- 92, эл.пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Қызмет түрі: негізгі орта білім. 1993 жылдан бастап жұмыс істейді.

Лауазымы: Әлеуметтік педагог – 1 бірлік, тұрақты жұмыс орын.

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 137 046 теңгеден 163 130 теңгеге дейін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық білім немесе "әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер үшін-кемінде 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;

әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;

білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;

жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;

әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;

білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;

педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білу керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

Педагогика және психология, физиология, гигиена;

тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;

педагогикалық этика нормалары;

балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері;

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Конкурс "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде өткізіледі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелді.

Конкурсты өткізу күні жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес белгіленеді.

Конкурсты өткізу орны: конкурс БҚО, Орал қаласы, Сүндетқали Есқалиев көшесі, 107 үй, № 214 кабинет, 2 қабат мекенжайындағы "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "КММ-де" Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп –лицей –интернаты" өткізіледі.

Құжаттарды тапсыру мерзімі - 21 тамыз 2025 жылдаң бастап 7 (жеті) жұмыс күндері қабылданады. «Enbek.kz», әлеуметтік.Instagram желілері «itlyceumbqo», facebook «IT - lyceum Oral», hr-nobd.edu.kz.

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "КММ "Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей интернаты" келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "КММ Дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялардың Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатына ұсынылуы тиіс".

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

Бүгін 51

Кеше 98

Осы аптада 468

Осы айда 1441

Барлығы 55667

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска