«Информатика пәнінен ҰБТ-ге дайындау жолдары» атты облыстық оқу-практикалық семинары

Білім беруді дамыту орталығы мен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған  ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының бірлесіп ұйымдасытруымен жалпы білім беру ұйымдарының информатика  пәні мұғалімдеріне арналған Информатика пәні бойынша ҰБТ-де дайындық жұмыстарын жүргізуді сапалы ұйымдастыру мақсатында «Информатика пәнінен ҰБТ-ге дайындау жолдары» атты облыстық оқу-практикалық семинары ұйымдастырылды. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған  ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының директоры  Женис Мендигалиұлы сөз сөйлепсеминардың жалпы бағытына қысқаша түсінік беріп өтті.    Семинарға аудан, қала және облыстық мектептің информатика мұғалімдері қатысты. Шарада өз іс тәжирбелерімен ОДБАМАТМЛИ –ның мұғалімдері Райымова Құралай Юнусовна, Гилимгалиева Шынар Ерболатовна «Таныстырылым» Тренинг өткізді. Мухамбеткалиев Ораз Жалғасұлы «Информатика пәні бойынша ҰБТ-ге арналған тест спецификасымен таныстыру» және  «Бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған жабық формадағы тест тапсырмалары және сұрақтардың қиындық деңгейлері», Кожахметова Ляззат Асылбековна «Бір жауапты таңдауға арналған жабық формадағы тест тапсырмалары және сұрақтардың қиындық деңгейлері» «Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларынан тұратын контекст» тақырыптарымен өз- іс тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық бөлімде тест тапсырмаларын құрастыру және талдау, топтық жұмыстар жасалды. Семинар қорытындылау мақсатында директордың ақпараттық жөніндегі орынбасары  Гүлзат Серікқызы мұғалімдермен кері байланыс жасап, ұсыныстарын қабылдады.

Бүгін 14

Кеше 22

Осы аптада 97

Осы айда 97

Барлығы 7500

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(112) 514243, +7(7112) 514243

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска