«Лицейдегі инновациялық басқару және білім беру» тақырыбындағы облыстық семинар

11 сәуір күні, лицейімізде «Лицейдегі инновациялық басқару және білім беру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – мектептегі басқару мен білім беру жүйесін жетілдіру бағытында тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдерді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру болды.

 Бағдарлама шеңберінде талқыланған тақырыптар:

✔️ Лицейдегі басқару жүйесінің ерекшеліктері: Ұжымдық жұмыс пен басқарудың тиімді үлгісі

✔️ Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы жобалық зерттеу жұмыстары

✔️ Лицейдің адами ресурстары: Мұғалімдердің кәсіби дамуы мен ұжымдық мәдениет

✔️ Лицейдегі цифрлық орта: жаңашылдыққа бетбұрыс

✔️ Лицей-интернаттағы тәрбие жұмысының бағыттары: Құндылықтарды қалыптастыру және дамытудың жолдары.

 Семинар барысында қатысушылар пікір алмасып, тәжірибе бөлісіп, инновациялық жобаларды талқылады. Сонымен қатар, жобалық зерттеу жұмыстарының көрмесі және шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.

 Семинар нәтижесінде барлық қатысушылар білім беру сапасын арттыруға арналған жаңа идеялар мен пайдалы ұсыныстарға ие болды.

#Лицей #Семинар #Инновация #БілімБерудегіЖаңашылдық

Бүгін 79

Кеше 73

Осы аптада 79

Осы айда 1891

Барлығы 28609

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска