Мазмұнға өту

«Кітап талқы алаңы» — жаңа оқу жылындағы алғашқы отырыс

24 қыркүйек 2026 Жаңалықтар
«Кітап талқы алаңы» — жаңа оқу жылындағы алғашқы отырыс

Жаңа оқу жылындағы «Кітап талқы алаңы» отырысының алғашқы басқосуында қырғыздың көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі талқыланды.

Бұл шығарма — «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында оқуға ұсынылған кітаптардың бірі.
Ұстаздықтың қадірі, білімнің адам өміріндегі орны, шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаздың еңбегі мен адамдық болмысы терең суреттелген шығарма қатысушылар арасында мазмұнды пікір алмасуға арқау болды. Әр қатысушы өз ойын ортаға салып, шығарма туралы әсері мен пікірін бөлісті.
Кездесу соңында келесі талқыда талқыланатын шығарма да бірге таңдалып, оқырмандарға жаңа кітаппен қауышуға жол ашылды.
#КітапТалқыАлаңы #АлғашқыҰстаз #ШыңғысАйтматов #КітапОқитынҰлт

Фотогалерея

«Кітап талқы алаңы» — жаңа оқу жылындағы алғашқы отырыс«Кітап талқы алаңы» — жаңа оқу жылындағы алғашқы отырыс«Кітап талқы алаңы» — жаңа оқу жылындағы алғашқы отырыс«Кітап талқы алаңы» — жаңа оқу жылындағы алғашқы отырыс«Кітап талқы алаңы» — жаңа оқу жылындағы алғашқы отырыс«Кітап талқы алаңы» — жаңа оқу жылындағы алғашқы отырыс

Басқа жаңалықтар